«Білікті дәрігер, жаны жайсаң азамат еді...»: Жаңаөзенде пышақ жарақатынан қаза тапқан жас дәрігерді әріптестері еске алды

Марқұм Жаңаөзен қалалық көпбейінді ауруханасында қызмет атқарған. Әріптестері оны білікті маман, жауапкершілігі жоғары дәрігер әрі адамгершілігі мол азамат ретінде сипаттады.

Жаңаөзен қаласында пышақ жарақатынан қаза тапқан 29 жастағы дәрігерге қатысты әріптестері жан тебірентерлік жазба жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты. 

Марқұм Жаңаөзен қалалық көпбейінді ауруханасында қызмет атқарған. Әріптестері оны білікті маман, жауапкершілігі жоғары дәрігер әрі адамгершілігі мол азамат ретінде сипаттады.

«Орны толмас қаза. Әріптесіміз Аманғалиев Нұрдәулет Құрманғазыұлының отбасы мен жақындарына қайғыра көңіл айтамыз. Бақұл бол, білікті дәрігер, жаны жайсаң жолдас, қайсар азамат», – делінген аурухана ұжымы таратқан жазбада.

Еске сала кетейік, қайғылы оқиға Жаңаөзен қаласында болған. Алдын ала мәліметке сәйкес, екі ер адам арасындағы жанжал отбасылық-тұрмыстық себептерге байланысты туындаған. Қақтығыс барысында 29 жастағы дәрігер пышақ жарақатын алған.

Оқиғадан кейін күдікті құқық қорғау органдарына өз еркімен келіп, кінәсін мойындаған. Қазіргі таңда аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті қамауға алынды. Тергеу амалдары жалғасып жатыр.