«Балдақпен жүр»: Шавкат Рахмонов жайлы жағымсыз хабар тарады

Енді спортшы шамамен 9-10 ай бойы октагонға шыға алмайды.

UFC-де жеңіліп көрмеген қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов тізесіне қайта жарақат алып, ота жасатты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты. 

Енді спортшы шамамен 9-10 ай бойы октагонға шыға алмайды.

Бұл ақпаратты белгілі спорт журналисі Ариэль Хельвани әлеуметтік желідегі парақшасында Шавкат Рахмоновтың менеджері Дэнни Рубинштейнге сілтеме жасап жариялады. Бұған дейін спортшының Алматыда өткен Naiza лигасының турниріне балдақпен келгені жанкүйерлерді алаңдатқан болатын.

«Көңілсіз жаңалық: Шавкат Рахмонов тағы да тізесін жарақаттап, жақында ота жасатты. Бұл – оны бір жылдан астам уақыт октагоннан шеттеткен сол тізе. Қалпына келу мерзімі шамамен 9–10 айды құрайды», – деп жазды Хельвани.

Айта кетейік, бұған дейін файтердің бапкері Эдуард Базров та спортшының денсаулығына қатысты мәселелер барын растаған еді.

«Номад» лақап атымен танылған Шавкат Рахмонов соңғы жекпе-жегін 2024 жылдың желтоқсанында UFC 296 турнирінде америкалық Стивен Томпсонға қарсы өткізіп, мерзімінен бұрын жеңіске жеткен. Ол кәсіпқой мансабында 18 жекпе-жек өткізіп, барлығында да қарсыласын уақытынан бұрын жеңген.