Жаңа Конституция жобасы азаматтардың құқығын қорғауды күшейтеді – сарапшы

Сондай-ақ ол әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау тетіктерінің күшеюі, неке институтының тең құқықты одақ ретінде танылуы және білім беру жүйесінің зайырлы қағидатта сақталуы қоғамдағы тұрақтылық пен адамгершілік құндылықтарды нығайта түсетінін атап өтті.

Жаңа Конституция жобасында адам құқықтары мен бостандықтарының мемлекеттің басты құндылығы ретінде айқындалуы Қазақстанның дамуы үшін маңызды қадам.

Бұл туралы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект факультеті компьютерлік ғылымдар кафедрасының аға оқытушысы Закариянова Назгүл Баймұхамедқызы мәлімдеді.

Оның айтуынша, құжатқа халықаралық адам құқықтары жөніндегі нормалардың енгізілуі Қазақстанның әлемдік қауымдастықпен байланысын нығайтып, елдің құқықтық жүйесін жаңа деңгейге көтереді.

– Азаматтардың жеке, әлеуметтік және саяси құқықтарының кеңеюі қоғамда әділдік пен теңдікті арттыруға ықпал етеді. Өмір сүру құқығын қорғау, жеке деректердің қауіпсіздігі, «Миранда ережесінің» енгізілуі және цифрлық қауіпсіздікке басымдық берілуі – қазіргі заман талабына толық сай, – деді сарапшы.

Сондай-ақ ол әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау тетіктерінің күшеюі, неке институтының тең құқықты одақ ретінде танылуы және білім беру жүйесінің зайырлы қағидатта сақталуы қоғамдағы тұрақтылық пен адамгершілік құндылықтарды нығайта түсетінін атап өтті.

– Жалпы алғанда, бұл Конституция жобасы азаматтардың құқықтарын қорғауға, әділетті қоғам қалыптастыруға және елдің болашағын берік етуге бағытталған маңызды құжат, – деп түйіндеді Закариянова Назгүл Баймұхамедқызы.