Павлодардағы Ертіс өзеніндегі көпірде тағы да өрт: құрылыс қайта тоқтады

Айта кетейік, бұған дейін №4 тіректе осындай жағдай тіркелуіне байланысты 31 қаңтардан бастап аталған учаскедегі құрылыс жұмыстары тоқтатылған еді.

Павлодар қаласында Ертіс өзені арқылы салынып жатқан көпір құрылысында қайтадан түтін шықты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты ҚазТАГ-қа сілтеме жасап.

«2026 жылғы 1 ақпанда шамамен сағат 10:30-да Павлодар қаласындағы Ертіс өзені арқылы өтетін көпір құрылысы нысанында (Қызылорда – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы автожолы, 1381-шақырым, №5 тірек) аралық құрылымның жылулық қорғаныс тентінің түтіндеуі мен жануы анықталды», – деп мәлімдеді «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.

Айта кетейік, бұған дейін №4 тіректе осындай жағдай тіркелуіне байланысты 31 қаңтардан бастап аталған учаскедегі құрылыс жұмыстары тоқтатылған еді.

Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Қазіргі таңда оқиға орнында төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жұмыс істеп, өрт ошағын сөндіру шаралары жүргізілуде.

Сонымен қатар аталған дерек бойынша ішкі тексеру басталғаны хабарланды.