«Мұны қабылдау оңай емес»: Шавкат Рахмонов мәлімдеме жасады

Бұл жайлы Шавкат Рахмонов X әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды

UFC-дің жартылай орта салмағында өнер көрсететін қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов жаңа жарақатына байланысты жағдайды және октагонға оралу мерзімін түсіндірді.

«Жауынгердің жолы ешқашан оңай болмайды. Өмір адам көтере алмайтын сынақ бермейді. Әр арманның өз құны бар, кейде ол — денсаулық. Қазіргі жағдайды жасырмай айтуым керек: жарақаттарымның салдарынан тағы бір операция жасаттым, енді толық қалпына келу үшін уақыт қажет. Осыған байланысты октагонға оралуым тағы кейінге шегерілді. Мұны қабылдау оңай емес, бірақ әрбір сәтсіздік үлкен жолдың бір бөлігі екеніне сенемін. Мен бұрынғыдан да мықты, ақылды және жеңіске деген ашуы арта түскен күйде қайта ораламын. Мақсатым өзгерген жоқ. UFC белдігі Қазақстанға әлі келеді. Қандай жағдайда да жанымда қалған баршаңызға рахмет. Бұл жолдың соңы емес, тек маңызды бір кезеңі ғана», — деп жазды Рахмонов X әлеуметтік желісіндегі парақшасында.