1 ақпанда Украинаның Днепропетровск облысындағы Павлоград қаласының маңында Ресей әскері дрон арқылы шахтерлер отырған қызметтік автобусқа шабуыл жасады. Салдарынан 15 адам қаза тауып, тағы 7 адам жарақат алды.
Бұл туралы ДТЭК (Украинадағы ірі жеке энергетикалық компания) хабарлады.
Компания мәліметінше, шабуыл ауысымнан кейін кеншілерді кәсіпорыннан алып бара жатқан жұмысшы автобусына бағытталған. Төтенше жағдайлар қызметінің дерегінше, дрон соққысынан кейін өрт шыққан, оны өрт сөндірушілер толық сөндірді. Қаза тапқандар мен жараланғандардың барлығы — шахта қызметкерлері.