Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі «Астана – Семей» бағытындағы №121/122 жедел жолаушылар пойызы құрамына «Арай транс KZ» ЖШС ұсынған жаңа купелік жолаушылар вагонының қосылғанын мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Вагонда жұмсақ әрі эргономикалық орындықтар, ауа кондиционерлеу жүйесі, бейнебақылау, экологиялық таза биодәретхана кешені, тоңазытқыш, микротолқынды пеш, сондай-ақ мобильді құрылғылар мен ноутбуктерді қуаттауға арналған USB және Type-C ұяшықтары қарастырылған.
2023-2024 жылдар аралығында «Арай транс KZ» ЖШС жылжымалы құрамды жаңарту аясында тағы үш жолаушылар вагонын (1 купелік, 2 плацкарттық) пайдалануға берді. Аталған шаралар теміржол паркін жаңғырту шеңберінде жүзеге асырылуда.
Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі әлеуметтік маңызы бар бағыттарда тұрақты жолаушылар қатынасын қамтамасыз ету және жолаушылар паркін кезең-кезеңімен жаңарту бойынша жүйелі жұмысты жалғастыруда.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.