«Қолдау күтемін!»: белгілі әртіс Дархан Мұсаев көптен күткен жаңалығын айтты

Әртістің айтуынша, ол жақын арада жаңа кинотуындысын көрермен назарына ұсынбақ.

Танымал әртіс Дархан Мұсаев әлеуметтік желідегі парақшасында жаңа видео жариялап, көрерменге қуанышты жаңалығын жеткізді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты. 

Әртістің айтуынша, ол жақын арада жаңа кинотуындысын көрермен назарына ұсынбақ. Қазіргі таңда фильмнің дайындық жұмыстары басталған.

«Ассалаумағалейкүм, ағайын! Сүйінші! Киноның жұмыстары басталды. Бұл уақытқа дейін бос жүрген жоқпын. Қазақстанның түкпір-түкпірін аралап, серіктес іздедім, идея жинадым, нарықты зерттедік. Аллаға шүкір, керектінің бәрін таптым. Алдағы уақытта осы фильмдегі актерлер құрамы жөнінде, әсіресе басты рөлдегі актер туралы өте қызық мәлімдеме жасаймын. Қолдауларыңызды күтемін», – деді Дархан Мұсаев.