Аралас жекпе-жек шебері Еркебұлан Тоқтар ММА-дегі дебютінде жеңіліс тапқан өзбекстандық файтер Шахзод Узоковты қолдауға шақырды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Айта кетейік, Gold лақап атымен танылған спортшы Ташкентте өткен OCTAGON 84 турнирінде 21 жастағы әзербайжандық Мухаммадали Нурусовтан (рекорды – 2-0) нокаутпен жеңілді. Осы жекпе-жектен кейін Еркебұлан Тоқтар әлеуметтік желідегі сынға қатысты пікір білдірді.
«Қазір әлеуметтік желіні ашсаң, Gold-ты сынап жатқан адамдар көп. Жекпе-жек алдында қолдағандар енді теріс айналып жатыр. Бұл дұрыс емес. Керісінше, қолдау көрсету керек. Ол әлі жас, дайындалсын, шыңдалсын, бір-екі жекпе-жекте жеңіске жетіп, тәжірибе жинасын. Бізде бір рет жеңілсең, бірден таптап кетеді. Сондықтан алдын ала сындырып тастамаңдар. Қайта жақсылап дайындап әкеліңдер. Екеуміз әлі кездесеміз», – деді Еркебұлан Тоқтар.