Шымкентте кәмелетке толмаған кіп-кішкентай қызды алып қашып, зорламақ болған

Шымкент қалалық Полиция департаменті аталған оқиғаның болғанын растады.

Шымкентте жасөспірім кәмелетке толмаған қызға қарсы қылмыс жасауға әрекеттенді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты. 

1 ақпанда күдікті жасөспірім көшеде кішкентай қызды ұстап алып, алып кетуге әрекет жасаған. Оқиға сәті көшедегі бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

Шымкент қалалық Полиция департаменті аталған оқиғаның болғанын растады. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті «ізін суытпай» ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

«1 ақпан күні полицияға жасөспірімнің кәмелетке толмаған қызды ұстап алып, оған қатысты заңсыз әрекеттер жасауға талпынғаны жөнінде арыз түсті. Полиция қызметкерлері оқиға орнына жедел жетті. Күдікті жасөспірімнің ата-анасы полицияға жеткізілді», – деп хабарлады Шымкент қалалық Полиция департаменті.

Қызбен психологтің қатысуымен әңгіме жүргізілді. Қазіргі уақытта оның өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ. Тергеу амалдары жалғасып жатыр.