Астанада Тәуелсіздік даңғылының бір бөлігі уақытша жабылды

Жұмыстар шамамен 2 күнге созылуы мүмкін.

Қазір Тәуелсіздік даңғылы мен Қалдаяқов көшесінің қиылысында жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты. 

Жұмыстар шамамен 2 күнге созылуы мүмкін.

Қалдаяқов көшесінен Панфилов көшесіне дейінгі даңғыл бөлігі бір бағытқа ғана ашық болады. Сонымен қатар Тәуелсіздік даңғылына оң жаққа қосымша кіру жолы бар.

Жұмыстарға байланысты 4, 21, 43, 58, 66, 82, 84, 502 автобустарының қозғалыс схемасы да өзгертілді. Схемалар суреттерде көрсетілген.