Жаңаөзенде тұрмыстық жанжал кезінде 44 жастағы ер адам пышақ жарақатын алып, медициналық мекемеде көз жұмды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Алдын ала мәліметтерге сәйкес, жанжал алкогольдік ішімдік ішу кезінде туындаған.
Оқиға бойынша «Адам өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті ізін суытпай ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық әрі объективті анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізілуде.
Айта кетейік, бұған дейін Жаңаөзенде жас дәрігердің қаза тапқаны, сондай-ақ жеті баланың анасы күйеуі тарапынан өлтірілгені туралы ақпарат тараған болатын.