Елена Рыбакина ресми түрде әлемнің үшінші ракеткасы атанды

Жақында Australian Open турнирінде жеңіске жеткен қазақстандық Елена Рыбакина рейтингте екі сатыға көтеріліп, қазіргі таңда әлемнің үшінші ракеткасы атанды.

Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) әлемдегі үздік спортшылардың жаңартылған рейтингін жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты. 

Жақында Australian Open турнирінде жеңіске жеткен қазақстандық Елена Рыбакина рейтингте екі сатыға көтеріліп, қазіргі таңда әлемнің үшінші ракеткасы атанды.

Беларусь өкілі Арина Соболенко көш бастап тұр. Екінші орынға Польша спортшысы Ига Швёнтек жайғасқан.

Юлия Путинцева - 70-орында, Зарина Диас - 282-орында, Жібек Құламбаева - 387-орында, Аружан Сағындықова - 779-орында тұр.