2026 жылғы Олимпиада ойындарының құрметіне коллекциялық монета шықты

Монеталарды қашан сатуға шығарылатыны туралы ақпарат Ұлттық банктің ресми сайтында қосымша хабарланады.

Қазақстан Ұлттық банкі «Спорт» сериясынан «OLYMPIC GAMES 2026. SHORT TRACK» атты коллекциялық монеталарын айналысқа шығарғанын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

ҚР ҰОК мәліметінше, 1000 теңге номиналы бар монета 925 сынамалы күмістен жасалған, түсті басып шығару технологиясы қолданылған және proof сапасында орындалған. Монетаның массасы - 20 грамм, диаметрі - 37 мм. Жалпы дайындау таралымы шектеулі - 2000 дана.

Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалып, немістің MDM Münzhandelsgesellschaft mbH & Co. KG Deutsche Münze (MDM) нумизматика компаниясымен серіктестік негізде әзірленді.

Монеталарды қашан сатуға шығарылатыны туралы ақпарат Ұлттық банктің ресми сайтында қосымша хабарланады.

Сонымен қатар коллекциялық монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында өзінің белгіленген құнымен төлемдердің барлық түрі бойынша қабылдануға, сондай-ақ елдің барлық банкінде банк шоттарына есепке алуға және аударуға, ұсақтауға және айырбастауға жатады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.