Мұхтар Әуезов атындағы ұлттық драма театры директорының шығармашылық жұмыстар жөніндегі орынбасары Елік Нұрсұлтанұлы әлеуметтік желідегі парақшасында марқұм актер Асанәлі Әшімов туралы жазба жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Елік Нұрсұлтанұлы Instagram желісіндегі парақшасында бүгін әйгілі актердің қырық күндік асы өткенін айтып, еске алды. Сонымен қатар актердің күнделігінде не жазылғанын айтты.
"Бүгін Асанәлі ағамыздың 40 күндік асы өтті… 2022 жылғы күнделігінде, өз қолымен жазған жазбасында: "Бүгін құлағыма 88 деп сыбырлады. Оған дейін әлі 4 жылым бар екен" депті. Арқасы бар адам ғой, жарықтық… Жатқан жері жарық, топырағы торқа болсын! Әумин", – деп жазды ол.
Айта кетейік, Қазақ КСР халық әртісі, кино және театр актері, режиссер Асанәлі Әшімов 2025 жылдың желтоқсан айында 89 жасқа қараған шағында өмірден өтті.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.