ҚазАвтоЖол үш облыста көлік қозғалысына шектеу қойылғанын мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Бүгін, 2 ақпан сағат 20:30-да ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар келесі автожолдарда барлық көлік түрінің қозғалысына шектеу енгізіледі:
Қарағанды облысы:
- «Астана — Қарағанды — Алматы» автожолының 592 — 750 шақырым аралығы (Балқаш қаласы — Жамбыл обл. шекарасы).
Жамбыл облысы:
- «Астана — Қарағанды — Алматы» автожолының 2005 — 2152 шақырым аралығы (Қарағанды обл. шекарасы — Бурылбайтал ауылы).
Жолды 2026 жылғы 3 ақпан сағат 08:00-де ашу жоспарланған.
Қызылорда облысы:
2026 жылғы 2 ақпан сағат 22:00-де ауа райының бұзылуына байланысты «РФ шекарасы — Мәртөк — Ақтөбе — Қарабұтақ — Қызылорда — Шымкент — Тараз — Қордай — Алматы — Қорғас — ҚХР шекарасы» автожолының 1474 — 1806 шақырым аралығындағы учаскесінде (Әйтеке би кенті — Қызылорда қаласы) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады.
- «Қызылорда — Жезқазған — Қарағанды — Шідерті» автожолының 12 — 216 шақырым аралығы (Қызылорда қаласы — Ұлытау обл. шекарасы).
Ұлытау облысы:
- «Қызылорда — Жезқазған — Қарағанды — Шідерті» автожолының 216 — 424 шақырым аралығы (Қызылорда обл. шекарасы — Жезқазған қаласы).
Жолды 2026 жылы 3 ақпан сағат 08:00-де ашу жоспарланған.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.