Қазақстандық бизнесмендер коронавирусқа қарсы күрес үшін қаражат бөлуде
Қазақстандық бизнесмендер коронавирусқа қарсы күрес үшін қаражат бөлуде
© Сурет ғаламтордан
Елбасының бастамасымен құрылған "Birgemiz" Қоғамдық Қорына еліміздің барлық өңірлерінен қаражат келіп түсуде.
"Көптеген ауқатты қазақстандықтар коронавируспен күресу үшін қаражат аударып жатыр. Нұрсұлтан Назарбаевтың ұсынысы отандық меценаттар мен ірі кәсіпкерлер арасында қолдау тапты", - деп хабарлады Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай.
Оның айтуынша, бұл қоғамның, мемлекеттің және бизнестің ортақ қауіп-қатер алдында бірігудің жарқын дәлелі.
"Қазақстандықтар тағы да өзінің бірлігі мен рухын, жақындарына көмекке келуге және қиындықтарды бірге жеңуге дайын екендігін көрсетеді", - деп атап өтті Айдос Үкібай.
Жиналған қаражат мемлекеттік комиссияның ұсыныстарына сәйкес жұмсалады.
"Қоғамдық қорға меценаттар мен бизнесмендер Тимур Құлыбаевтың – 10 млн доллар, Айдын Рахымбаевтың – 2 млн доллар, Кеңес Рақышевтің – 1 млн доллар, Ғалымжан Есеновтың – 2 млн доллар, Рашид Сәрсенов – 2 млн доллар, Александр Клебановтың – 2 млн доллар, Александр Беловичтің – 2 млн доллар қайырмалдықтар түсті", - деді Айдос Үкібай.
Қазіргі таңда Қорға түскен қаражат сомасы 41 млн долларды құрайды. Коронавирустық инфекциямен күресті қолдауға қаражат жинау жалғасуда. Қоғамдық Қордың Деректемелері: Алушы: "Birgemiz" қоғамдық қоры» Алушы Банкі:" ForteBank " АҚ Нұр-сұлтан қаласындағы филиалы Ағымдағы шот (IBAN шот) KZT: KZ0896503F0009566181 USD ағымдағы шот (IBAN шот): KZ5196503F0009566183 БСН / ЖСН: 200340023803