Қазгидромет 3 ақпанда қолайсыз ауа райына байланысты бірқатар өңірде дауылды ескерту жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Синоптиктердің болжамы бойынша, түнде Алматы облысының солтүстігінде көктайғақ, ал облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман болатыны болжанады. Оңтүстік-батыстан шығысқа ойыса соққан желдің күндіз облыстың батысындағы екпіні 15-20 м/с.
Атырау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман, көктайғақ болады. Күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. 4 ақпанда өңірдегі ауа температурасы күндіз 5-10 градус суықты, 5 ақпанда түнде 17-22 градус суықты көрсетіп, сынап бағаны одан әрі төмендей береді. Атырауда 3 ақпанда кей уақыттарда тұман, көктайғақ болатыны болжанады.
Күндіз Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында көктайғақ, ал облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында тұман болады. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. 4 ақпанда өңірде ауа температурасы күндіз 0-5, облыстың солтүстік-шығысында 0-8 градусты көрсетеді деп болжанады, ал 5 ақпанда түнде және күндіз 7-12 градус аяз болып, сынап бағаны одан әрі төмендейді.
Күндіз Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді, түнде облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі. Күндіз облыстың оңтүстік-шығысында оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-18 м/с.
Түнде және күндіз Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді. Оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің облыстың оңтүстік-батысында, орталығындағы екпіні 15-20 м/с.
Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында жаяу бұрқасын жүріп, жолдарда көктайғақ болады. Облыстың шығысында, таулы аудандарында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.
Қызылорда облысының орталығында, шығысында, солтүстігінде тұман, көктайғақ болады.
Түнде Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде қар жауып, бұрқасындатады, күндіз жауын-шашын (қар, жаңбыр), көктайғақ болып, жаяу бұрқасын жүреді, тұман түседі. Күндіз облыстың оңтүстік-шығысында оңтүстік-шығыстан оңтүстік батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады. Оралда 3 ақпанда түнде қар жауып, бұрқасын жүреді, жауын-шашын (қар, жаңбыр), тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. 4 ақпанда Батыс Қазақстан облысында ауа температурасы күндіз 15-20 градус суықты көрсетіп, сынап бағаны күрт төмендейді.
Түнде және күндіз Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді, көктайғақ, тұман болады. Қарағандыда 3 ақпанда түнде және таңертең қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді, көктайғақ, тұман болады деп болжанады.
3 ақпанда күннің екінші жартысында Ақтөбе облысының оңтүстік-батысында көктайғақ, ал облыстың шығысында, орталығында тұман болады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, орталығындағы жел екпіні 15-18 м/с болады.
Түнде және таңертең Ұлытау облысының шығысында қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді, көктайғақ, тұман болады деп болжанады. Жезқазғанда 3 ақпанда тұман болады.
Түнде Түркістан облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, ал облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман болады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарындағы екпіні 15-20 м/с.
3 ақпанда Қостанай облысының шығысында, оңтүстігінде тұман болады.
Жамбыл облысының таулы аудандарында жаяу бұрқасын жүріп, көктайғақ, тұман болады. Облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с дейін жетеді. Таразда 3 ақпанда кей уақыттарда тұман түседі.
Ақмола облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында қар жауып, бұрқасын жүреді, облыстың батысында, оңтүстігінде тұман түседі.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.