Қияр, алма мен күріштің бағасы арзандады

Қазақстан Республикасындағы инфляция 2026 жылдың қаңтар айында 1% құрады.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, азық-түлік тауарларының бағасы – 0,8%, азық-түлік емес тауарлары – 1,2%, ақылы қызметтер 1,1% өсті, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Азық-түлік өнімдерінен қиярдың бағасы – 7,3%, алма – 4,1%, күріш 0,7% төмендеді. Тұздың бағасы – 0,9%, май құрамындағы шпроттар – 0,6%, жасымық 0,2% көтерілді.

Өткен айда азық-түлік емес тауарлар арасында асүй ыдыстары жиынтығы бағасы – 7,1%, электр еттартқыш – 2,8%, жаңа жеңіл автокөліктер – 2,2%, азитромицин 1% арзандады. Баға деңгейі ноутбукке – 4,3%, ыдыс жуатын құралдар мен мотор майы 1%-дан қымбаттады.

Жаттығу залдарының қызметтері – 1,2%, киімдерді химиялық тазалау – 0,7%, шет тілдерін оқыту курстары  0,2% қымбаттады.

Жылдық есептеуде 2026 жылғы қаңтарда инфляция 12,2%-ды құрады. Азық-түлік тауарларының бағасы – 12,9%-ға, азық-түлік емес тауарлар – 11,7%, ақылы қызметтер   12% өсті.

Жылдық мәнде   картоп – 7%, сарымсақ – 4,9%, тәтті бұрыш – 2,6%, курага 1,1% арзандады. Мейіз – 7,7%, ашытқы 4,6% қымбаттады.

2025 жылғы қаңтармен салыстырғанда суэмульсиялық бояулардың бағасы – 9,2%, әйелдерге арналған сөмке – 6,7%, жуғыш ұнтақ – 6,3%, төсек-орын жабдығының жиынтығы мен кір сабын 5,9%-дан өсті.

Мектептен тыс музыканы оқыту сабақтары – 2,3%, ұялы телефонды жөңдеу 2,2% қымбаттады.

Инфляция деңгейін сипаттайтын тұтыну бағалары индексінің көрсеткіші ай сайын есептеледі. Бақылаулар қызметтер мен тауарлардың тарифтері мен бағалары – барлығы 537 позиция бойынша жүргізіледі.  

2025 жылғы қаңтардан бастап тұтыну бағаларының индексін есептегенде азық-түлік тауарларының үлесі –   41,1%, азық-түлік емес тауарлар – 28,4%, ақылы қызметтер 30,5% құрады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.