Әнші Жігер Ауыпбаевтың сүйіктісі Мумина әлеуметтік желіде видео жариялап, өзін қауіпке ұшыратып жүрген жағдай туралы айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Еске сала кетейік, Жігер Ауыпбаев жақында сүйіктісі барын жариялап, ел алдында өзінен 15 жас кіші қызды таныстырған еді. Дегенмен қоғам тарапынан бұл таңдауға қолдау аз болды, кейбір пікірлерде «Әкесі мен қызы секілді» немесе «Бұл педофилизм емес пе?» деген даулы ойлар айтылып жүр.
Мумина өзі жариялаған видеода:
«Жігер мені халыққа таныстырғалы бері өмірімде тыныштық жоқ. Әлеуметтік желілерден маған “Жігерге жабыспа, ұрып кетеміз”, “Көзге көрінбе” деген сияқты хаттар жиі келіп тұрады.
Бүгін дүкеннен шыққанда, алыстан үш қыз мені жаман қарағанын байқап, дөрекі дауыспен “Мумина, Жігерге жолама” деді. Мен не істерімді білмей қалдым. Бұл әрекет дұрыс емес, кейін Жігер үшін төбелесіп, жерде жатпаймын», – деді.
Бірақ Мумина оқырмандарының кейбірі бұл оқиғаны келеке етіп: «Жолама десе, жолама», «Жігерді қызғанып емес, саған ескерту жасаған ғой», «Жігерді сенен кім қызғансын» деген сияқты пікірлер қалдырып жатыр.