«Жаныма түскен қайғы жазылмастай...»: Асанәлі Әшімовтың жұбайы жантебірентер жазба жариялады

Ол өмірден өткен жолдасына деген сағынышын өлең жолдарымен жеткізген.

Әйгілі актер Асанәлі Әшімовтың жұбайы Бағдат Әшімова әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялады, – деп жазды Aikyn.kz.

Ол өмірден өткен жолдасына деген сағынышын өлең жолдарымен жеткізген.

“Жан бөлек. Жан бөлек!!! Аскенсіз өткен қырық күн, қырық түн. Алладан сұрарым пейіштің төрінен орын бер, жатқан жерін нұрлы ете гөр.

Қаратқан келбетіне әз ғаламды,

Батырым айбалталы бөзге оранды.

Қырық күн құлағалы құлагерім,

Уақыт, емші екенсің, жаз жарамды.

Қайтейін хәл-күйімді серпілмеген,

Көзіме жас келеді мөлтілдеген.

Жаныма түскен қайғы жазылмастай,

Алысқан адамдаймын дертімменен”, — деп жазды ол. 

Желі қолданушылары Бағдат Әшімованың қайғысына ортақтасып, жұбатып жатыр. 

“Ағамыздың мәңгілің мекені жәннәт болсын. Сізге ризамыз”, “Бекем болыңыз, кіші Асекеңді аяққа тұрғызыңыз”, — деп жазды желі қолданушылары.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM  арнасынан табасыз.