Белгілі заңгер Айман Омарова Конституцияның преамбуласындағы өзгерістер жайында өз ойымен бөлісті. Бұл жөнінде белгілі заңгер, Конституциялық комиссияның мүшесі Айман Умарова Instagram-да жаңа Ата заңымызды талқылауға арналған тікелей эфирде мәлімдеді.
Оның айтуынша, Ұлы Даланың мыңжылдық тарихы Конституцияның кіріспесінде көрініс тапқан. Жаңа Конституцияның жобасы преамбуладан, 11 бөлімнен және 104 баптан тұрады. Өзгерістер мен толықтырулар Ата Заңның барлық бөлімін қамтып, 77 бапқа түзету енгізілген.
– Жаңа Конституцияның преамбуласында Ұлы Даланың мыңжылдық тарихының сабақтастығы көрініс тапқан. «Ұлы Даланың мыңжылдық тарихының сабақтастығын сақтай отырып» деген тұжырым – өте салмақты норма. Менің ойымша, преамбула сәтті және саяси тұрғыдан аса мағыналы шыққан. Бұл норманың мәні – біз мыңжылдық тарихтың сабақтастығы туралы ашық айтып отырмыз. Қазақ хандығы мен Қазақ мемлекеттілігі ХХ ғасыр оқиғаларынан әлдеқайда бұрын болғандығын еске салады, – деді Конституциялық комиссияның мүшесі.