Freedom Holding Corp. холдингінің негізін қалаушы Тимур Турлов Қазақстанда қосымша банк сатып алу, жергілікті онлайн сауда алаңын мәмілеге шығару және Түркиядан екінші деңгейлі банк іздеу жоспарын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Аталған жобаларды жүзеге асыру үшін компания 500 миллион долларға дейін облигация шығару мүмкіндігін қарастыруда. Бұл туралы Турлов Bloomberg агенттігіне берген сұхбатында айтты.
Ол атап өткендей, Қазақстанда сатуға ұсынылған бірнеше банк бар және холдинг олардың бірін Freedom Bank-пен біріктіру арқылы корпоративтік клиенттер базасын кеңейтуді көздеп отыр. Сатып алынатын банк көлемі жағынан Freedom Bank-пен салыстыруға келетін болуы керек: қазіргі таңда Freedom Bank активтері 2,5 триллион теңге, капиталы 500 миллион долларды құрайды.
Сонымен қатар, холдинг жақын арада жергілікті маркетплейсті сатып алу мүмкіндігін жариялауы ықтимал. Құпия сақталған мәміле e-commerce бағытын дамытуға бағытталған.
Түркияда брокерлік лицензия алғаннан кейін Турлов елдегі капитал көлемі шамамен 300 миллион доллар болатын банктерді қарастырып жатыр. Оның айтуынша, нарықтағы көптеген банктер бұл талаптарға сәйкес келмейді.