«Менің орнымды басатын адам»: Роза Рымбаева келіні туралы айтты (видео)

Әнші келіні өзінің орнын басатын адам екенін айтты.

Халық әртісі, әнші Роза Рымбаева келіні жайлы сұрақтарға жауап берді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Әнші келіні өзінің орнын басатын адам екенін айтты.

“Келініңіз туралы неге айтпайсыз? Балаларыңыз жайлы айта бересіз деп тиісетіндер бар. Балаларым туралы сұрағаннан кейін балаларым туралы айтамын. Отбасының тіршілігін, берекесін қолында ұстап, отбасысымызда менің орнымды басатын осы Ақерке. Осы отбасының тіршілігін, саясатын, дәстүрін, қонақжайлылығын, туған-туысқанға деген көзқарасты ары қарай жалғастыратын ол Ақерке. Отанасы, отбасының тұтқасы Ақерке деп санаймын өзім”, - деді әнші.

Желі қолданушылары Халық әртісінің келініне деген қарым-қатынасына риза болып, жылы лебізін білдірді. 

“Даңалығыңыздан айналдым Роза апай”, “Ене мен келін арасындағы сыйластықтың сырын керемет жеткіздіңіз”, “Тектілік деген осы ғой”, “Әр сөзінде келініне деген шексіз құрмет естіліп тұр”, - деп жазды желі қолданушылар.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.