Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Жаңалықтар

Қалаға кіргізу үшін 2000 теңге алған қызметкердің жауапкершілікке тартылды

Барыс Нұрлан
Наурыз 21, 2020
Жаңалықтар, Әлеумет
Пара алған полицей жауапқа тартылды

© Сурет ғаламтордан

3.7k
қаралым

Қалаға кіргізу үшін 2000 теңге алған қызметкердің бүгінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Бұл туралы Алматы қалалық Әкімшілік полиция басшысы Жандос Мұратәлиев қала әкімдігінде өткен арнайы брифингте блок-бекеттердегі жағдай туралы мәлімдеді. Сондай-ақ, БАҚ өкілдерінің сауалдарына жауап берді.

Алматыда карантин жариялануына байланысты, қаланың барлық кіреберісіне 27 блок-бекет орналастырылып, сырттан келетін автокөліктерге шектеу қойылды. Блок-бекеттердегі жұмысқа патрульдік полиция полкінің, Арнайы жедел әрекет ету жасағы қызметкерлері, Ұлттық гвардия мен Қорғаныс министрлігі әскери бөлімшелерінің күштері жұмылдырылған.

Қарағандыда пәтерлердің бірінен ер адамның денесі табылды

Ресейде бір тәулікте 10 мыңнан аса адамнан коронавирус анықталды

Жасөспірімді құтқарамын деп 9-қабаттан құлаған полицейдің жағдайы ауыр

Әкімшілік полиция басшысының айтуынша, автокөліктер қалаға кіру үшін өткен күндердегі секілді тек тексеру жүргізілгеннен кейін және Алматыда ресми тіркеуі бар азаматтарға ғана рұқсат етіледі. Блок-бекеттер жұмыс істеген сәттен бері қалаға 28.960 автокөлік (оның ішінде жеңіл көліктер — 23 744, шағын автобустар — 907, жүк көлігі — 4309, барлығы 59 975 адам болған) кірген. Одан бөлек, Алматы қаласының тұрғындары болып табылмайтын 2765 автокөлік иелері әртүрлі себептер бойынша жол жүруден бас тартқан. Десе де, блок-бекеттер арқылы медициналық мекемелердің 8385 қызметкері, әкімдік қызметкерлері және қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін басқа да өкілдер СЭС қызметкерлерінің тексеруінен өтеді. Егер олардан ауру белгілері, жоғары дене қызуы байқалмаса, қалаға өтуіне болады.

Автокөліктердің қаладан Алматы облысына қарай кедергісіз жүруі жүзеге асырылып, бүгінде қаладан барлығы 23.555 автокөлік (оның ішінде: жеңіл көліктің саны — 19 392, шағын автобустар — 746, жүк көліктері — 3417, онда 50 209 адам) шығып үлгерді.

Полиция басшысы әлеуметтік желі қолданушыларының блок-бекеттерден қалаға кіру үшін азаматтар ақша беріп өткені жайындағы шағымына да жауап қайтарды.

«Алғашқы күндері түсінбеушілік болғанымен бүгінде блок-бекеттердің жалпы жұмысы тұрақтанды. Ол сондай-ақ, қалаға кіру үшін 2000 теңге алған қызметкердің бүгінде әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын айтты. Қазір қаладағы барлық дәріхана мен белгілі бір азық-түлік нысандары жұмыс істегені болмаса, барлық қызмет көрсету орындары жабық. Сондықтан қалаға кірудің қажеттілігі шамалы. Егер біз барлық сақтық шараларын сақтап, үйде отыратын болсақ, бұл індетті тезірек ауыздықтайтынымыз анық. Бәріңізге үйден шықпауға кеңес беремін», — деді ол.

Криминогендік жағдай
Қаладағы криминогендік жағдай тұрақты, қылмыстық оқиғалар көрсеткішінің төмендегені байқалады.

Бір күн ішінде қалада 70 қылмыс тіркелсе, оның 57-сі жедел іздестіру жұмыстарының нәтижесінде дер кезінде ашылған. Қылмыс 25,5%-ға төмендеген. Сондай-ақ, қалада жол-көлік апаты да 70%-ға азайған.

«102» жедел басқару департаментіне 1.785 қоңырау түсіп, оның 888-і полиция қызметіне жүгінген, ал 897 қоңырау иесі кеңес сұрап хабарласқан.

Сall-centr департаментіне алматылықтардан 7 мыңнан астам қоңырау келіп түскен. Өз кезегінде полиция қызметкерлері тұрғындарға нақты көмектер, жауаптар берген.

Карантиндік аймақтар мен індет ошақтарындағы қоғамдық тәртіп
Шұғыл штаб бұйрығына сәйкес, полиция қызметкерлері осы жылдың 19 наурызынан бастап карантин енгізілген аймақтар мен инфекция ошақтарын қатаң бақылауда ұстап тұр.

Бүгінгі таңда қалада 10 індет ощағы тіркелген. Қоғамдық тәртіпті сақтау және қадағалау мақсатында 64 полиция қызметкері жұмылдырылған.

Әрбір мекен-жайда полиция қызметкерлімен бірге аудан әкімдерінің өкілдері және санэпидемиология мамандары да жұмыс істеуде. Індет ошақтарында және блок-бекеттер де ешқандай тәртіп бұзушылық тіркелген жоқ.

Сұрақтар бойынша 1406 және Open Almaty 1308 нөмірлері бойынша тәулік бойы жұмыс істейтін call-орталыққа хабарласыңыз. Катаралды белгілері бар адамдар анықталған жағдайда дереу қаланың санитарлық-эпидемиологиялық қызметінің тәулік бойы жұмыс істейтін 382-33-50 нөміріне хабарлау керек.

Ресми ақпарат Алматы қаласы әкімдігінің сайтында және әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында қолжетімді. Қосымша ақпарат жедел түрде Telegram арнасындағы stopcov Almaty және Darmen мобильді қосымшасына салынады.

 
Тегтер: Алматыблок-бекеттеркарантинкоронавирусполиция
Алдыңғы жаңалық

Бауыржан Байбек қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады

Келесі жаңалық

Наурыз тілек

Ұқсас жаңалықтар

8 наурызға арналған ауа райы
Басты жаңалықтар

8 наурызға ауа райы болжамы

Наурыз 8, 2021
UFC
Жаңалықтар

UFC чемпионы тыйым салынған соққы жасап, титулынан айырылды

Наурыз 8, 2021
Қарағанды
Қазақстан

Қарағандыда пәтерлердің бірінен ер адамның денесі табылды

Наурыз 7, 2021
шектеу
Жаңалықтар

Төрт облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды

Наурыз 7, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

8 наурызға ауа райы болжамы

Наурыз 8, 08:24

UFC чемпионы тыйым салынған соққы жасап, титулынан айырылды

Наурыз 8, 00:12

Қарағандыда пәтерлердің бірінен ер адамның денесі табылды

Наурыз 7, 23:27

Төрт облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды

Наурыз 7, 22:43

Футзалдан Қазақстан құрамасының УЕФА-ның жаңартылған рейтингіндегі орны белгілі болды

Наурыз 7, 22:10

Ақтауда тұрғын үйлердің бірінде түлкі видеоға түсіп қалды

Наурыз 7, 21:28

Қазақ қызы Қытайдың үздік студенті атанды

Наурыз 7, 20:40
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

8 наурызға арналған ауа райы

8 наурызға ауа райы болжамы

Наурыз 8, 2021
UFC

UFC чемпионы тыйым салынған соққы жасап, титулынан айырылды

Наурыз 8, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»