Қалаға кіргізу үшін 2000 теңге алған қызметкердің бүгінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы Алматы қалалық Әкімшілік полиция басшысы Жандос Мұратәлиев қала әкімдігінде өткен арнайы брифингте блок-бекеттердегі жағдай туралы мәлімдеді. Сондай-ақ, БАҚ өкілдерінің сауалдарына жауап берді. Алматыда карантин жариялануына байланысты, қаланың барлық кіреберісіне 27 блок-бекет орналастырылып, сырттан келетін автокөліктерге шектеу қойылды. Блок-бекеттердегі жұмысқа патрульдік полиция полкінің, Арнайы жедел әрекет ету жасағы қызметкерлері, Ұлттық гвардия мен Қорғаныс министрлігі әскери бөлімшелерінің күштері жұмылдырылған. Әкімшілік полиция басшысының айтуынша, автокөліктер қалаға кіру үшін өткен күндердегі секілді тек тексеру жүргізілгеннен кейін және Алматыда ресми тіркеуі бар азаматтарға ғана рұқсат етіледі. Блок-бекеттер жұмыс істеген сәттен бері қалаға 28.960 автокөлік (оның ішінде жеңіл көліктер — 23 744, шағын автобустар — 907, жүк көлігі — 4309, барлығы 59 975 адам болған) кірген. Одан бөлек, Алматы қаласының тұрғындары болып табылмайтын 2765 автокөлік иелері әртүрлі себептер бойынша жол жүруден бас тартқан. Десе де, блок-бекеттер арқылы медициналық мекемелердің 8385 қызметкері, әкімдік қызметкерлері және қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін басқа да өкілдер СЭС қызметкерлерінің тексеруінен өтеді. Егер олардан ауру белгілері, жоғары дене қызуы байқалмаса, қалаға өтуіне болады. Автокөліктердің қаладан Алматы облысына қарай кедергісіз жүруі жүзеге асырылып, бүгінде қаладан барлығы 23.555 автокөлік (оның ішінде: жеңіл көліктің саны — 19 392, шағын автобустар — 746, жүк көліктері — 3417, онда 50 209 адам) шығып үлгерді. Полиция басшысы әлеуметтік желі қолданушыларының блок-бекеттерден қалаға кіру үшін азаматтар ақша беріп өткені жайындағы шағымына да жауап қайтарды.
"Алғашқы күндері түсінбеушілік болғанымен бүгінде блок-бекеттердің жалпы жұмысы тұрақтанды. Ол сондай-ақ, қалаға кіру үшін 2000 теңге алған қызметкердің бүгінде әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын айтты. Қазір қаладағы барлық дәріхана мен белгілі бір азық-түлік нысандары жұмыс істегені болмаса, барлық қызмет көрсету орындары жабық. Сондықтан қалаға кірудің қажеттілігі шамалы. Егер біз барлық сақтық шараларын сақтап, үйде отыратын болсақ, бұл індетті тезірек ауыздықтайтынымыз анық. Бәріңізге үйден шықпауға кеңес беремін», — деді ол.Криминогендік жағдай Қаладағы криминогендік жағдай тұрақты, қылмыстық оқиғалар көрсеткішінің төмендегені байқалады. Бір күн ішінде қалада 70 қылмыс тіркелсе, оның 57-сі жедел іздестіру жұмыстарының нәтижесінде дер кезінде ашылған. Қылмыс 25,5%-ға төмендеген. Сондай-ақ, қалада жол-көлік апаты да 70%-ға азайған. «102» жедел басқару департаментіне 1.785 қоңырау түсіп, оның 888-і полиция қызметіне жүгінген, ал 897 қоңырау иесі кеңес сұрап хабарласқан. Сall-centr департаментіне алматылықтардан 7 мыңнан астам қоңырау келіп түскен. Өз кезегінде полиция қызметкерлері тұрғындарға нақты көмектер, жауаптар берген. Карантиндік аймақтар мен індет ошақтарындағы қоғамдық тәртіп Шұғыл штаб бұйрығына сәйкес, полиция қызметкерлері осы жылдың 19 наурызынан бастап карантин енгізілген аймақтар мен инфекция ошақтарын қатаң бақылауда ұстап тұр. Бүгінгі таңда қалада 10 індет ощағы тіркелген. Қоғамдық тәртіпті сақтау және қадағалау мақсатында 64 полиция қызметкері жұмылдырылған. Әрбір мекен-жайда полиция қызметкерлімен бірге аудан әкімдерінің өкілдері және санэпидемиология мамандары да жұмыс істеуде. Індет ошақтарында және блок-бекеттер де ешқандай тәртіп бұзушылық тіркелген жоқ. Сұрақтар бойынша 1406 және Open Almaty 1308 нөмірлері бойынша тәулік бойы жұмыс істейтін call-орталыққа хабарласыңыз. Катаралды белгілері бар адамдар анықталған жағдайда дереу қаланың санитарлық-эпидемиологиялық қызметінің тәулік бойы жұмыс істейтін 382-33-50 нөміріне хабарлау керек. Ресми ақпарат Алматы қаласы әкімдігінің сайтында және әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында қолжетімді. Қосымша ақпарат жедел түрде Telegram арнасындағы stopcov Almaty және Darmen мобильді қосымшасына салынады.