Фракция жұмысына серпін беріледі

Шымкент қаласы мәслихатындағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының кезекті отырысы өтті. Жиынға партияның қалалық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Ербол Байқонысов, фракция жетекшісі Талғат Балтабаев және фракция мүшелері қатысты.

Отырысты Ербол Байқонысов жүргізіп, алдымен жақында фракция жетекшісі болып сайланған Талғат Балтабаевты ресми түрде таныстырды. Ол жаңа жетекшінің тәжірибесі мен жауапкершілігі фракция жұмысына серпін беретініне сенім білдіріп, алдағы қызметіне сәттілік тіледі.

«Фракция – партия саясатын мәслихат деңгейінде нақты іске асыратын маңызды алаң. Сондықтан депутаттардың бірлігі мен жауапкершілігі қала тұрғындары үшін шешілетін мәселелердің сапасына тікелей әсер етеді», – деді Ербол Байқонысов.

Өз кезегінде Талғат Балтабаев сенім білдірген әріптестеріне алғыс айтып, фракция жұмысының тиімділігін арттыру бағытында бірлесе еңбек ететінін жеткізді.

Жиынның күн тәртібінде екі мәселе қа­ралды. Біріншісі – елімізде жүргізіліп жат­қан Конституциялық реформалар, екін­шісі – Шымкент қаласындағы тұрғын үйді рено­вациялау бағдарламасының жүзеге асырылуы.

Талқылау барысында Қазақстанда қолға алынған реформалар мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруға және «Әділетті Қазақстан» қағидаттарын орнықтыруға бағытталғаны атап өтілді. Мәслихат депутаттары жаңа Конс­ти­туция заман талабына сай қабыл­дан­ға­нын айтып, бұл бастамаларға қолдау білдірді.

Сонымен қатар тұрғын үйді ренова­циялау бағдарламасы аясында қоныс аударған азаматтардың жаңа, қолайлы баспанамен уақытылы қамтамасыз етілуін қатаң бақылауға алу қажеттігі айтылды. Депутаттар көшіру, бұзу және құрылыс жұмысының барлығы заң талаптарына сай жүргізілуі тиіс екенін атап өтті.

Жиын соңында «AMANAT» партия­­сының 2023-2027 жылдарға арналған «Ха­лықпен бірге!» атты қалалық сайлауал­ды бағдарламасын іске асыруға бағыттал­ған Жол картасының 2026 жылға жоспарлан­ған тармақтарын мерзімінде әрі сапалы орындау міндеті жүктеліп, бұл бағыттағы жұмыстарды тұрақты бақылауда ұстау қажеттігі тапсырылды.

Елнар ЕЛТАЙ