«Қазгидромет» дауыл мен қолайсыз ауа райы туралы ескертті

Бүгінгі күнге ауа райы болжамы.

«Қазгидромет» РМК деректері бойынша, Қазақстанның бірқатар өңірлерінде қолайсыз ауа райы күтіледі: қар мен жаңбыр, жаяу бұрқасын, көктайғақ, тұман және желдің 15-20 м/с-қа дейін күшеюі, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с-қа дейін жетуі мүмкін, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Қалалар:

Астана — жауын-шашын, бұрқасын, көктайғақ, қатты жел

Алматы — тұман (түнде және таңертең)

Шымкент — желдің күшеюі

Дауылды ескертулер сақталады:

5 ақпанда Атырау облысында түнде 17-22 градус аязға дейін одан әрі төмендейді.

5 ақпанда Маңғыстау облысында түнде және күндіз 7-12 градус аязға дейін одан әрі төмендейді.

5 ақпанда Ақтөбе облысында ауа температурасы түнде және күндіз 7-12, облыстың батысында, солтүстігінде 15-20 градус аязға дейін күрт төмендейді, 6 ақпанда түнде 23-28, облыстың оңтүстігінде 20 градус аязға дейін одан әрі төмендейді.

6 ақпанда Қостанай облысында ауа температурасы түнде 20-25, облыстың батысында 28 градус аязға дейін, күндіз 17-22 градус аязға дейін күрт төмендейді.

6 ақпанда Солтүстік Қазақстан облысында ауа температурасы түнде 18-23, облыстың солтүстігінде 26 градус аязға дейін, күндіз 15-20 градус аязға дейін күрт төмендейді.

6 ақпанда Ақмола облысының  батысында, солтүстігінде ауа температурасы түнде және күндіз 15-20 градус аязға дейін күрт төмендейді.

6 ақпанда Қызылорда облысында ауа температурасы түнде және күндіз 2-7, облыстың солтүстігінде 12 градус аязға дейін күрт төмендейді.

6 ақпанда Түркістан облысында ауа температурасы күндіз 2-7 градус жылы, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 1 градус аязға дейін күрт төмендейді.

Шымкент қ.: 6 ақпанда күндіз 2-4 градус жылыға дейін күрт төмендейді.

6 ақпанда Жамбыл облысында ауа температурасы күндіз 1 градус аяз-4 градус жылы, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 6 градус аязға дейін күрт төмендейді.

5 ақпанда Солтүстік Қазақстан облысыда жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с, күндіз күші 15-20 м/с.

Дауылды ескертулер күтіледі:

Астана қ.: 5 ақпанда күннің екінші жартысында жауын-шашын (қар, жаңбыр), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстіктен жел соғады, күндіз екпіні – 15-20 м/с.

Алматы қ.: 5 ақпанда түнде және таңертең тұман күтіледі.

Шымкент қ.: 5 ақпанда оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні – 15-20 м/с.

5 ақпанда түнде Маңғыстау облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, орталығында қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ, күндіз облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

5 ақпанда күндіз Қызылорда облысының орталығында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың батысында, орталығында көктайғақ, жаяу бұрқасын, облыстың солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, таңертең және күндіз облыстың орталығында, батысында, шығысында күші 15-20 м/с күтіледі.

5 ақпанда түнде Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ, облыстың батысында, шығысында кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында тұман. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні – 15-20 м/с.

5 ақпанда таңертең және күндіз Қарағанды облысының батысында жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, таңертең және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні – 15-20 м/с.

5 ақпанда Қостанай облысында қар, облыстың оңтүстігінде, шығысында жауын-шашын, кей уақыттарда қатты жауын-шашын (қар, жаңбыр) күтіледі. Бұрқасын, көктайғақ. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні – 15-20 м/с.

5 ақпанда түнде Ақмола облысының батысында, солтүстігінде қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ, облыстың батысында, солтүстігінде кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстіктен соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні – 15-20 м/с.

5 ақпанда Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, тұман, күндіз жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні  15-18 м/с күтіледі.

5 ақпанда Атырау облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында,  оңтүстігінде екпіні – 15-20 м/с.

5 ақпанда күндіз Абай облысының батысында, орталығында жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз Жарма ауданында 15-20, екпіні – 23-28 м/с.

5 ақпанда Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі.

5 ақпанда Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде, таулы аудандарында 15-20, күндіз облыстың тау асуларында екпіні – 23-28 м/с.

5-6 ақпанда Жетісу облысының солтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман күтіледі. Шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні – 15-20м\с, кей уақыттарда 23-28 м/с.

 5 ақпанда Жамбыл облысында кей уақыттарда тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, күндіз екпіні 23 м/с күтіледі.

5 ақпанда  Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні – 15-20 м/с.

5 ақпанда Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.