«Үйден төрт адамның мәйіті табылды»: Алматы облысындағы Сарыбастау ауылында сұмдық оқиға тіркелді

Белгілі болғандай, отбасы бірнеше күн бойы байланысқа шықпаған.

Алматы облысының Райымбек ауданына қарасты Сарыбастау ауылында қорқынышты трагедия болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты. 

Аймақтық Төтенше жағдайлар департаментінің (ТЖД) баспасөз қызметіне сүйенсек, жеке үйден бір отбасының төрт мүшесінің мәйіті табылды.

Мәйітті 2026 жылғы 2 ақпанда туысы анықтаған. Белгілі болғандай, отбасы бірнеше күн бойы байланысқа шықпаған.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық жағдайы анықталып жатыр.

«Өлім себептерін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды», – дейді Полиция департаменті.