Мәжіліс депутаты, «АМАNАТ» фракциясының мүшесі Нұртай Сабильяновтың айтуынша, эмиссиялық органның Конституцияда айқындалуы ұлттық валютаның тұрақтылығын қалыптастыратын және оған кепілдік беретін институтты нақты көрсететуге мүмкіндік береді, - деп хабарлайды Aikyn.kz.
«Ұлттық валютаны Конституция деңгейінде бекіту – мемлекеттің экономикалық егемендігінің маңызды көрінісі әрі қаржылық тұрақтылығының негізі. Сонымен қатар ақша жүйесінен тұтас және логикалық аяқталған конституциялық моделін қалыптастыру үшін бұл норманы ұлттық валютаны шығаруды жүзеге асыратын және ақша, кредит саясатының тұрақтылығын қамтамасыз ететін уәкілетті эммисялық органда айқындайтын ереже мен толықтырулардың маңызы зор. Ақша айналымы қаржы жүйесінің негізгі элементі ретінде тек белгіленген валютаның болуын ғана емес, сонымен қатар оның шығарылуына реттелуіне және тұрақтылығын қорғауға жауапты институттың да нақты анықталуы қажет. Мұндай Конституциялық бекіту құқықтық айқындықты, институционалды тұрақтылықты және қаржы жүйесінің болжамдылығын қамтамасыз етеді. Бұл тәсіл цифрлық қаржы құралдарының, вируталды активтерінің және эконмикалық айналымда кеңінен қолданылып келе жатақан басқа есеп айырысу құралдарын белсенді даму жағдайында ерекше өзектілікке ие.
Эмиссиялық органның Конституцияда айқындалуы ұлттық валютаның тұрақтылығын қалыптастыратын және оған кепілдік беретін институтты нақты көрсететуге мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде қаржы жүйесіне деген сенімді нығайтады. Осы тұрғыда ұлттық валютаны шығаруға айрықша құқық берілген және ақша кредит саясатын жүргізуге жауапты жалғыз эмиссиялық орган ретінде ҚР Ұлттық банкінің рөлін конституциялық деңгейде бекіту жүйелі әрі негізделген шешім. Ұлттық валютамен қатар эмиссиялық органның да айқындалуы экономикалық өзгерістерге төтеп бере алатын тұрақты қаржы жүйесінің негізін қалайды», – дейді депутат.