Алматыда ірі жол апаты: бес көлік пен автобус соқтығысты

Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі агенттік тілшісіне берген түсініктемесінде жол-көлік оқиғасының бүгін сағат 11:30 шамасында Бостандық ауданында болғанын хабарлады.

Алматыда бүгін күндіз Әл-Фараби даңғылында жол-көлік оқиғасы тіркелді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты. 

Әлеуметтік желілерде жаппай апат болған жерден видео тарады. Кадрлардан асфальт үстінде қара түсті үлкен полиэтилен пакетке оралған адам денесі, сондай-ақ жол-көлік оқиғасына ұшыраған бірнеше жеңіл автокөлік пен автобус көрінеді.

Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі агенттік тілшісіне берген түсініктемесінде жол-көлік оқиғасының бүгін сағат 11:30 шамасында Бостандық ауданында болғанын хабарлады.

«1975 жылы туған BYD маркалы автокөліктің жүргізушісі Әл-Фараби даңғылымен батыс бағытта қозғалып келе жатып, денсаулығының кенеттен нашарлауына байланысты өзімен бір бағытта келе жатқан бес көлікпен соқтығысқан. Атап айтқанда, Chevrolet, Ford, Subaru, Volkswagen маркалы автокөліктер мен Yutong автобусы зақымданды. Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам өзін жайсыз сезінген, болжамды диагноз — жүрек жеткіліксіздігі. Өлім фактісі тіркелді», — деп мәлімдеді полиция өкілдері.

 

Қазіргі уақытта оқиғаның өзге мән-жайлары анықталып жатыр.