Жаңа Конституция жобасында адамның негізгі құқықтарын қорғауға басымдық берген деп санайды. Бұл туралы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Шығыстану факультеті, Түріктану және Шығыс елдері тарихы кафедрасының аға оқытушысы Нұрат Ілияс мәлімдеді.
Оның айтуынша, қазір барлық бұқаралық ақпарат құралдарында қазіргі Жаңа Конституция жобасын қызу талқыға салынып жатыр.
– 77 бапқа байланысты ұсыныс келіп түскен. Конститутциялық комиссиясы сол ұсыныстың барлығын қарап түзетулер енгізбек екен. Бұл дегеніміз – Консттитуцияның 84%. Яғни, барлығына өзгерістер мен түзетулер енеді. Біріншіден, адам құқықтары мен бостандықтары – мемлекеттің негізгі басымдығы. Преамбулада адам құқықтары мен бостандықтары алғаш рет мемлекеттің негізгі басымдығы ретінде жарияланды. Бұл идея Конституцияның бүкіл мәтінінде көрініс табады.
Конституцияның «Негізгі құқықтар, бостандықтар және міндеттер» бөлімінің нормаларын әзірлеу кезінде адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы, Қазақстан тарапынан ратификацияланған халықаралық пактілер мен басқа да жалпыға бірдей танылған халықаралық құжаттардың талаптары барынша ескерілді. Соның нәтижесінде адам мен азаматтың жеке, әлеуметтік-экономикалық және саяси құқықтарының мазмұны толықтырылып, олардың жаңа қырлары ашылды. Олардың іске асырылуы мен қорғалуына берілген кепілдіктер айтарлықтай нығайтылды.
Конституцияға енгізгелі жатқан баптарда адамның негізгі құқықтарын қорғауға басымдық берілген. Мысалы, өмір сүру құқығының абсолюттілігі, жеке тұлғаға қол сұқпаушылық, цифрлық дәуірде жеке деректерді қорғау, сондай-ақ «Миранда ережесі» бекітілген. Сөз бостандығы, ғылыми, техникалық және шығармашылық еркіндік, интеллектуалдық меншік құқықтарын қорғау мәселелерін қамтиды. Бұдан бөлек, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау мәселесіне ерекше назар аударылған. Мәселен, дін мен мемлекеттің бөліну қағидаты бекітілген. Рухани және діни оқу білім беру ұйымдарын қоспағанда, білім беру мен тәрбие жүйесінің зайырлы сипаты жарияланады. Неке – ер мен әйелдің ерікті және тең құқықты одағы деген ереже енгізілген. Бұл көзқарас әйелдердің құқықтарын қорғауды және дәстүрлі құндылықтарды нығайтуға бағытталған, – дейді ол.