«Ресейге кіруге тыйым салды»: әзілкеш Нұрлан Сабыров Алматыға ұшып келмек

Нәтижесінде, комик Қазақстанға өз қаражатына билет сатып алған көрінеді.

Ресейлік БАҚ-тың мәліметінше, бұған дейін Ресейге кіруге тыйым салынған комик Нұрлан Сабыров Алматыға ұшуға ниеттеніп отыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты. 

Бұл туралы Mash Telegram арнасы өз дереккөздеріне сілтеме жасап хабарлады. Басылымның ақпаратынша, Мәскеудегі Внуково әуежайында паспорттық бақылау кезінде болған оқиғадан кейін Н.Сабыров Дубайға тегін депортациядан бас тартқан. Себебі дереккөздердің айтуынша, ұшудың міндетті шарты ретінде оған кісен тағу талап етілген.

Нәтижесінде, комик Қазақстанға өз қаражатына билет сатып алған көрінеді.

Mash мәліметінше, Н.Сабыров Мәскеуге БАӘ-ден бизнес-класс арқылы ұшып келген. Кіруге тыйым салынғаны туралы хабар алғаннан кейін ол бірнеше рет депортацияланатынын нақтылаған.

Кейін Дубайға қайтуға ақшасы жоқ екенін айтқан. Ал депортация шарттары түсіндірілген соң, ол ақша тауып, Алматыға билет сатып алған. Дереккөздерге сәйкес, ең жақын рейс түстен кейінгі уақытқа жоспарланған.

Ресейлік БАҚ-тың жазуынша, комик Ресейде тапқан табысын делдалдар арқылы заңдастыруға тырысқан. Ал Н.Сабыровтың Ресейде жалпы құны 60 миллион рубльден асатын мүлкі бар.