Астана әуежайында рейстер ауа райының қолайсыздығына байланысты кешігуі мүмкін

Барлық кешігудің себебі ауа райының қолайсыздығына байланысты болып тұр.

Астана әуежайы ауа райының қолайсыздығына байланысты кейбір рейстердің кешігуі мүмкін, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты

Бүгін әуежайда шамамен 79 ұшу және 78 қону рейсі жоспарланған. Қазіргі уақытта 10 рейс қону бойынша, ал 2 рейс ұшу бойынша кешігіп жатыр. Барлық кешігудің себебі ауа райының қолайсыздығына байланысты болып тұр.

Әуежай жолаушылардан рейстердің мәртебесін алдын ала әуе компанияларынан нақтылап, әуежайдың ресми сайтындағы жаңартуларды қадағалап отыруды сұрайды.

 

Синоптиктердің болжамына сәйкес, осы күндері өңірде қар жауып, боран соғып, сондай-ақ көктайғақ, тұман және қатты жел болады деп күтілуде.