Семей қаласында қоқыс контейнерінен жаңа туған нәрестенің мәйіті табылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Бұл туралы Абай облысының Полиция департаменті мәлімдеді.
Ведомство өкілдерінің хабарлауынша, 3 ақпан күні Әуезов полиция бөлімінің кезекші бөліміне қала аумағындағы қоқыс контейнерінен сүлгіге оралған жаңа туған сәбидің мәйіті табылғаны жөнінде хабар түскен. Оқиға орнына жедел тергеу тобы дереу жіберілген.
Алғашқы тергеу барысында үй жағдайында босанған 20 жастағы қыз анықталған. Оның айтуынша, сәби дүниеге келген кезде тіршілік белгілері болмаған. Сонымен қатар, сотқа дейінгі тергеу аясында нәрестенің мәйітін қоқыс контейнеріне тастаған қала тұрғыны да анықталды.
Аталған дерек бойынша соталды тергеу басталып, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.