«Қазгидромет» 7 ақпанға арналған ауа райына байланысты ескерту жасады

Батыстан соғатын жел түнде облыстың оңтүстігі мен шығысында 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 7 ақпанда Қазақстанның басым бөлігінде қолайсыз ауа райы күтілетінін мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты. 

Павлодар облысында қар жауып, жаяу бұрқасын мен көктайғақ күтіледі. Батыстан соғатын жел түнде облыстың оңтүстігі мен шығысында 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Павлодар қаласында да түнгі уақытта қар, жаяу бұрқасын және көктайғақ болады.

Жетісу облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болжанады. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында және таулы өңірлерінде кей уақыттарда тұман, көктайғақ және жаяу бұрқасын күтіледі. Батыстан соғатын желдің екпіні шығыс және таулы аудандарда 15-20 м/с-қа жетеді. Талдықорғанда тұман мен көктайғақ күтіледі.

Маңғыстау облысында оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде 15-20 м/с болады. Ақтауда да жел күшейеді.

Ұлытау облысының шығысында қар жауып, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігі мен орталығында тұман болады. Жел солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысып, түнде шығыс бөлігінде 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде және шығысында қар мен жаяу бұрқасын күтіледі, жолдарда көктайғақ болады. Батысы мен оңтүстігінде тұман түсуі ықтимал. Жел оңтүстік-батыстан және батыстан соғып, түнде кей аудандарда 15-20 м/с-қа жетеді. Қарағанды қаласында да түнде қар, бұрқасын және көктайғақ күтіледі.

Алматы облысының оңтүстігінде және таулы аудандарында кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Көктайғақ пен тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып, оңтүстігінде 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Алматы мен Қонаев қалаларында тұман және көктайғақ болады.

Жамбыл облысының оңтүстігінде, шығысында және таулы аудандарында қар, жаяу бұрқасын және көктайғақ күтіледі. Күндіз жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын жауады. Түнде желдің екпіні кей жерлерде 25 м/с-қа дейін жетуі мүмкін. Тараз қаласында тұман түсіп, күндіз көктайғақ болады.

Батыс Қазақстан облысында, сондай-ақ Орал қаласында тұман мен көктайғақ күтіледі. Атырау облысында түнде және таңертең тұман түседі, күндіз жел екпіні 15-20 м/с болады. Ақтөбе облысында да түнгі және таңғы уақытта тұман күтіледі.

Қызылорда облысының орталығы, солтүстігі мен оңтүстігінде көктайғақ пен тұман болады.

Түркістан облысында көктайғақ пен тұман күтіліп, тау асуларында желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Түркістан мен Шымкент қалаларында кей уақыттарда тұман түседі.

Абай облысында қар, бұрқасын және көктайғақ күтіледі. Кей жерлерде қатты қар жауып, жел екпіні түнде 23-28 м/с-қа дейін күшейеді. Семей қаласында түнде және таңертең қар мен бұрқасын болады.

Шығыс Қазақстан облысында да қар, бұрқасын және көктайғақ күтіледі. Кей аудандарда жел екпіні 23-28 м/с-қа дейін жетеді. Өскемен қаласында қар жауып, жел күшейеді.

Қостанай облысында тұман күтіледі.

Астанада түнде қар жауып, жаяу бұрқасын болады, жолдарда көктайғақ сақталады.

Ақмола облысының оңтүстігі мен шығысында қар мен жаяу бұрқасын күтіліп, жел екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді.