Ресейге кіруге тыйым салынды: Нұрлан Сабыровқа қойылған шарттар белгілі болды

Адвокаттың айтуынша, Сабуровтың Ресейге кіруіне тыйым салуға оның Ресейдің Украинаға қарсы соғысын ашық сынға алуы, Ресейге қарсы мәлімдемелері, сондай-ақ иммиграциялық және салық заңнамаларын жүйелі түрде бұзуы себеп болған.

Мәскеудегі құқық қорғау орталығының басшысы, адвокат Александр Хаминский стендап-комик Нұрлан Сабыров Ресей саясатына қатысты ұстанымын өзгертсе, оның Ресейге кіруіне салынған тыйым алынуы мүмкін екенін мәлімдеді.

Адвокаттың айтуынша, Сабуровтың Ресейге кіруіне тыйым салуға оның Ресейдің Украинаға қарсы соғысын ашық сынға алуы, Ресейге қарсы мәлімдемелері, сондай-ақ иммиграциялық және салық заңнамаларын жүйелі түрде бұзуы себеп болған.

«Сабуровтың әкімшілік сот ісін қозғауына және тыйымға шағымдануына ешкім кедергі келтірмейді. Алайда ол тыйым салуға негіз болған себептердің жойылғанын немесе бастапқыда болмағанын дәлелдеуі қажет. Ресей саясатына қатысты ұстанымын жария түрде өзгертіп, кейін құзырлы органдарға тыйымды алып тастау немесе оның мерзімін қысқарту жөнінде өтініш беру — ең тиімді жол», – деді Александр Хаминский.

Сонымен қатар, адвокат Сабыровқа салынған тыйым оның азаматтық құқықтарынан айырылғанын білдірмейтінін атап өтті. Мәселен, ол Мәскеу облысындағы жылжымайтын мүлкін сата алады және шетелдік агенттер тізіміне енгізілмеген.

Ал адвокат Евгения Сабитова Сабыров салық есептерін уақытылы тапсырып, тиісті төлемдерді өтесе, Ресей аумағында бизнесін жалғастыра алатынын жеткізді.

«Жеке тұлғаның Ресей Федерациясына кіруіне тыйым салу салық органдарының жеке кәсіпкерді немесе заңды тұлғаны автоматты түрде жабуына негіз болмайды», – деді ол.

Сондай-ақ адвокаттар тыйымға қарамастан, Н. Сабыровтың Ресейде мүлікке иелік ету құқығы сақталатынын атап өтті.