Милан Олимпиадасы: биатлоннан Қазақстан құрамасы эстафетада өнер көрсетті

Италияда өтіп жатқан XXV қысқы Олимпиадада биатлоннан алғашқы жүлде жиынтығы сарапқа салынды.

Аралас командалық эстафетада (4×6 шақырым) Қазақстан командасы соңғы кезеңде көшбасшы командадан бір айналымға қалып кетіп, мәреге жете алмады (21-орын). Алғаш болып жарыс жолына отандастарымыздан Владислав Киреев шықты. Содан кейін Әсет Дүйсенов жарысып, кезекті Милана Геневаға табыстады. Ал эстафетаны Айша Рақышева түйіндеді.

Аралас командалық эстафета, жүлдегерлер:
1. Франция
2. Италия
3. Германия

Айта кетейік, енді «Антерсельва аренада» биатлоннан келесі жарыс 10 ақпанда ерлер арасындағы жекелей сындағы жарысқа жалғасады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.