Танымал әнші Димаш Құдайберген Испанияда өткен концертінде қазақ қызының көптен бергі арманын жүзеге асырды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Концерт барысында Димаш залдағы көрермендердің арасынан қазақ қызын байқап, онымен бірге «Ұмытылмас күн» атты әнін қосыла орындады. Мыңдаған испандық тыңдарман жиналған кеште қандасын көргеніне әнші ерекше таңғалғанын жасырмады.
«Есімім – Жанель. Мен Қазақстаннанмын, қазір Испанияда тұрамын. Барселонаға келгеніңізге өте қуаныштымын. Сізге үлкен алғысымды білдіремін», – деді бойжеткен.
Ән аяқталған соң Димаш қазақ қызына ризашылығын білдіріп, құшақтап, маңдайынан сүйді. Бұл әсерлі сәт көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.