Ауа райы бұзылып, Қостанай және Ақмола облысында жол жабылды

1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.

ҚазАвтоЖол ауа райына байланысты екі облыста көлік қозғалысына шектеу қойылғанын мәлім етті, – деп жазды Aikyn.kz.

Қостанай облысы:

2026 жылғы 9 ақпан сағат 22:20-да Қостанай облысында ауа райының бұзылуына байланысты «Жезқазған – Арқалық – Петропавл» автожолының 340-377 шақырым аралығы (Арқалық қаласы – Ақмола облысының шекарасы) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу енгізіледі. 

Жолды 2026 жылғы 10 ақпан сағат 09:00-де ашу жоспарланған.

Ақмола облысы: 

2026 жылғы 9 ақпан сағат 22:20-да Ақмола облысында ауа райының бұзылуына байланысты «Жезқазған – Арқалық – Петропавл» автожолының 377-440 шақырым аралығы (Қостанай облысының шекарасынан Державинск қаласына дейін) көліктің барлық түрлерінің қозғалысына шектеу енгізіледі. 

Жолды 2026 жылғы 10 ақпан сағат 09:00-де ашу жоспарланған. 

1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.