Grand Slam Paris 2026: қоржында 3 қола

Демалыс күндері Франция астанасы Парижде дзюдодан әлемдік Grand Slam жарысы өтті. Ел намысын қорғаған жігіттеріміз медальсыз қайтпады.

Аман Бақытжан 60 келі салмақта үздік үштіктен көрінді.  Ол жұбаныш белдесуде кубалық Джонатан Чаронды тізе бүктірді. Отандасымыз жарыс барысында 5 кездесудің төртеуінде жеңіске жетті. Өз тобынан үздік шығып, жартылай финалға дейін жетті. Алайда отандасымыз жартылай финалда Дильшот Халматовқа есе жіберді. 

Байрақты бәсекенің екінші күні Абылайхан Жұбаназар (81 келі) мен Нұрлыхан Шархан (100 келі) үздік үштіктен көрінді. Қола медаль үшін белдесуде Абылайхан Аустрия спортшысын жүлдесіз қалдырды. Айта кетейік, бұл отандасымыздың әлемдік Grand Slam жарысындағы жетінші жүлдесі. Бұған дейін ол 1 күміс, 5 қола жүлдеге қол жеткізген болатын. Ал Нұрлыхан жұбаныш финалында нидерландтық Катарина Симеонды жеңді. Тартысты кездесу голден скорге дейін созылды. Қосымша уақытта Нұрлыхан вазари ұпайын еншілеп, Қазақстан қоржынына үшінші қола жүлдені салды.

Әсет ҚАЛИ