Зере, Дара, Сара: Түркістан облысында үшем дүниеге келді

Бақылау кезеңінде нәрестелердің салмақтары тиісінше 2350, 2244 және 2019 грамм болды.

Түркістан облыстық №1 перинаталдық орталығында үшем дүниеге келді, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Сарыағаш ауданының тумасы жүктіліктің 33-аптасында мерзімінен бұрын босанған. Жаңа туған нәрестелердің біріншісінің салмағы 2400 грамм болса, одан кейінгісі – 2230 грамм, ал ең кішісінің салмағы – 2060 грамм. 

Облыс әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, мерзімінен бұрын дүниеге келуіне байланысты үшем «патология» бөлімшесіне жатқызылып, дәрігерлердің бақылауына алынған. Алғашқы тәулікте тыныс алу аппараты арқылы тыныс алса, екінші тәуліктен бастап өздігінен тыныс ала бастады. Қазіргі уақытта нәрестелердің жағдайы қанағаттанарлық. 

Олар ана сүтімен тамақтанып, тағамды қалыпты қорытып  жатыр. Бақылау кезеңінде нәрестелердің салмақтары тиісінше 2350, 2244 және 2019 грамм болды. 

Дәрігерлердің оң қорытындысына сәйкес, үшем қанағаттанарлық жағдайда үйлеріне шығарылды. Нәрестелерге Зере, Дара және Сара есімі берілді. 

Айта кетейік, бұл отбасында үш ұл және екі қыз тәрбиеленіп жатыр. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.