Әнші Жігер Ауыпбаев әлеуметтік желіде өзін сынағандарға жауап берді, – деп жазды Aikyn.kz.
Жігер Ауыпбаев жақында сүйіктісі барын жариялап, ел алдында өзінен 15 жас кіші қызды таныстырған еді. Осыған байланысты әншіні сынға алғандар көп.
Өнер иесі бұған үнсіз қалмай, жауап берді.
«Жан-жақтан айтылып жатқан сөз аз болғандай, енді ақындар да мені әңгіме қылыпты. Негізі мен де төрт ауыз сөздің басын құрай аламын. Ендеше өздерінің тілінде мен де жауап берейін.
Сексен сегіздер деген шығыпты ғой
Менің кішкентайыма күліпті ғой
Қазақтың атқа мінер ақындары
Ұялмай пониға да мініпті ғой.
Ақын болсаң, алысқа барсаңдаршы
Сахнада жұлдыздай жансаңдаршы
Жігіттің жас сұлуын өсек қылмай,
Пониды жетістіріп алсаңдаршы», - дейді әнші.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.