Милан-2026: Надежда Морозова конькимен жүгіруден бақ сынайды

Конькимен жүгіруден аруларымыз Милан-2026 Олимпиадасында екінші рет бақ сынады.

Италияның Милан қаласында конькимен 1 000 метрге жүгіруден әйелдер арасында XXV қысқы Олимпиаданың жүлдегерлері анықталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бұл жарыстың басты ерекшелігі – алғаш рет  1 000 метр қашықтықта 3 бірдей спортшымыз жүлдеге таласты.

Олардың арасынан ең үздік нәтижені  Надежда Морозова тіркеп, 1:16.00 уақыт нәтижесімен 14-орын алды. Одан кейін Елизавета Голубева 1:16.40 уақытта мәреге жетіп, 19-сатыдан көрінді. Ал Милан Олимпиадасының басталуына санаулы күн қалғанда 1 000 метрде бақ сынауға мүмкіндік алған Кристина Силаева 1:17.57 уақыт көрсеткішімен 28-орынға тұрақтады.

Әйелдер, 1 000 м. Жүлдегерлер:

1. Ютта Лердам (Нидерланд) – 1:12.31 (Олимпиада рекордын тіркеді)
2.Фемке Кок (Нидерланд) – 1:12.59
3.Михо Такаги (Жапония) – 1:13.95

Бүгін бұл бағдарламада барлығы 15 жұп жарыс жолына шықты. Енді 12 ақпан күні Надежда Морозова 5 000 метр қашықтықта бақ сынайды.

Айта кетейік, әзірше конькимен жүгіруден Людмила Прокашёва 1998 жылы Нагано Олимпиадасында қола жүлдегер атанған.