Қарағанды қаласында балабақшаға балалардың тек 20 пайызы барып жүр. Балаларды коронавирустық инфекциядан сақтау үшін балабақшаларды уақытша жабу жоспарланып отыр. Қазіргі таңда балабақша ғимараттары кварцталып, желдетіліп, барлық жиһаздар дезинфекциялық ерітінділермен сүртілуде.
- Балабақшаларға сәбилердің келуін күн сайын Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің қызметкерлері қадағалайды. Олардың мәліметтері бойынша, қазір ол 20% құрайды. Балаларды коронавирустық инфекциядан сақтау үшін балабақшаларды уақытша жабу жоспарланып отыр, – деді департамент басшысы Қанат Асқаров.Өңір мектептері, колледждер мен жоғары оқу орындары қашықтықтан оқыту форматына көшті. Мектептен тыс білім беру орталықтары, спорт секциялары мен үйірмелер уақытша жабылды. Ләззат Қожахметова Қарағанды облысы