Қазақ өңдеу және тамақ өнеркәсібі ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары электрофизикалық әдістерді қолдана отырып, теріні бастапқы өңдеу және сақтау технологиясын дайындауда, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Бұл технология шикізат сапасын арттыруға, сақтау мерзімін ұлғайтуға және оны өнеркәсіптік қайта өңдеуге мүмкіндік береді.
Өткен жылы жүргізілген зерттеулерде ірі қара терілерін бастапқы өңдеу мен сақтау бойынша 15-тен астам отандық және шетелдік технологиялар талданды. Ең тиімдісі – ультрадыбыстық және микротолқынды өңдеу, вакуумдық және конвективті-вакуумдық кептіруді қоса қолданатын заманауи электрофизикалық әдістер екені анықталды. Бұл әдістер сақтау процесін 2-3 есе жылдамдатып, энергия шығынын азайтып, коллаген талшықтарының құрылымын қорғауға жол ашады.
Жобада ылғалдылық пен су көрсеткіштеріне ерекше назар аударылды, себебі олар шикізаттың микробиологиялық тұрақтылығын анықтайды.
Сынақтық зерттеулер көрсеткендей, жаңа алынған терілерді дереу ұзақ мерзімге сақтау қажет. Биотұрақтылық, икемділік және экологиялық таза қасиеттердің оңтайлы үйлесімі ультрадыбыстық құрғатуды, адсорбенттерді және төмен температурада қосымша кептіруді біріктіру арқылы қол жеткізіледі.
Бұл жоба Қазақстанда теңдесі жоқ және агроөнеркәсіптік кешенде заманауи ресурсты үнемдейтін технологияларды енгізудің негізін қалыптастырады.
Жобаны іске асыру тері шикізатының шығынын азайтуға, отандық былғары өнімдерінің сапасын арттыруға, экологиялық жүктемені төмендетуге және тері өңдеу мен қайта өңдеу өнеркәсібін дамытады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.