Қазақстан арнайы жасақтары командаларының Дубай қаласында (БАӘ) өтіп жатқан UAE SWAT Challenge сайысындағы жеңісті жолы бүгінде жалғасты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
“Мұнараға шабуыл” атты төртінші кезеңде екі құрама жеңіс тұғырына көтерілді: “Kazakhstan В” алтын жүлдегер атанды, ал “Kazakhstan С” 3-орынды жеңіп алды.
109 команда арасында бесінші орында – “Kazakhstan А” құрамасы. Әйелдер арасында тағы да үздік шыққан Tomiris қыздар командасы ондаған ерлер құрамаларын артта қалдырып, турнир кестесінде 18-орында тұр.
Төрт кезең нәтижесі бойынша біздің құрамаларымыз озып тұр. “Kazakhstan С” – ең жоғары ұпаймен UAE SWAT Challenge алтынынан үміткер. Төрт күнгі жетістігімен 2-орында “Kazakhstan А” сенімді тұр. “Kazakhstan В” мен Tomiris турнир кестесінде12 және 13-орында.
Элиталық турнирдің бір кезеңі ғана қалды. Жеңімпаздар ертең бесінші кезең қорытындысына және жалпы ұпай санына қарай анықталады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.