Мумбайдағы қазақстандық павильон халықаралық деңгейде танылды

Outbound Travel Market (OTM) - 2026: қазақстандық делегация Азиядағы ең ірі халықаралық туристік көрмелердің біріне қатысты.

Қазақстандық делегация құрамына Қазақстанның Үндістандағы елшілігі мен Алматы қаласы әкімдігінің өкілдері кірді. Сонымен қатар іс-шараға жетекші қазақстандық туристік компаниялардың басшылары, сондай-ақ Air Astana әуекомпаниясы, Ritz-Carlton Kazakhstan қонақүйлер желісі және басқа да бейінді компаниялар сияқты ұйымдардың өкілдері қатысты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Қазақстандық павильон заманауи дизайнерлік шешімде көрініс тапқан еліміздің бай және үйлесімді мәдени мұрасын ұсынды. Экспозиция Қазақстанның ұлттық шеберлігін, мәдениеті мен өзіндік ерекшелігін айқын көрсетіп, Орталық Азиядағы жетекші туристік бағыттардың бірі ретіндегі позициясын нығайтуға ықпал етті.

Ұсынылған экспозиция кәсіби қоғамдастықтың айтарлықтай назарын аударды және көрме қорытындысы бойынша «Қалалық туризмді үздік насихаттағаны үшін» беделді марапатқа ие болды.

Мумбайдағы көрме аясында қазақстандық делегация жетекші туроператорлармен, авиатасымалдаушылармен және халықаралық қонақүй желілерімен 100-ден астам мақсатты В2В кездесулер өткізді. Келіссөздер кіріс туризмін дамытуға, жаңа туристік өнімдерді құруға және серіктестікті кеңейтуге бағытталған, әсіресе болашағы зор үнді нарығына баса назар аударылды.

Көрменің соңғы күнінде Қазақстан «OTM-2026» көрмесімен бірге өткізілген тақырыптық нетворкинг Үндістанның туристік саласымен үнемі дамып келе жатқан өзара іс-қимылын нығайтуға септігін тигізді.

Кездесулер форматы туристік бағыттардың таныстырылымын және Қазақстан мен Үндістан арасындағы туризм, авиация және инвестиция салаларындағы ынтымақтастықтың тұрақты даму динамикасын айқын көрсетті.

Көрме оның тарихындағы ең ірісі болды: оған 60-тан астам елден, сондай-ақ Үндістанның 30 штаты мен одақтас аумақтарынан 2 200-ден астам өкіл қатысты. Іс-шараға қатысушылар арасында үкіметтік құрылымдардың, ұлттық туристік ұйымдардың, әуе компанияларының, қонақүй желілерінің жоғары лауазымды өкілдері және әлемдік туризм индустриясының жетекші ойыншылары бар.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.