Tomiris — UAE SWAT Challenge турнирінде үздік атанды

Биыл Дубайда өткен халықаралық UAE SWAT Challenge жарысында Tomiris әйелдер құрамасы жоғары деңгейде өнер көрсетіп, кәсіби шеберліктің озық үлгісін көрсетті.

Команда физикалық, тактикалық әрі психологиялық даярлықтың мықтылығын дәлелдеп, әйелдер құрамалары арасында бірінші орынды жеңіп алды,  – деп хабарлайды Aikyn.kz

Ал жалпы командалық есепте 18-орынға тұрақтап, бірқатар ерлер командалары арасында озық нәтиже көрсетті. Бұл — олардың тыңғылықты дайындығы мен темірдей тәртібінің, үйлесімді іс-қимылының нақты айғағы.

Tomiris құрамасының табысы — жүйелі әрі мақсатты жұмыстың жемісі. Бұл жеңіс — жеке құрамның кәсіби біліктілігі мен жоғары жауынгерлік дайындығының айқын дәлелі.

Команданың бұл жолғы жеңісі — тек спорттық табыс емес. Бұл — ішкі істер органдары жүйесіндегі әйелдер бөліністерінің қарқынды дамуы мен олардың әлеуетінің артып келе жатқанының айқын көрінісі.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.