2013-2021 жылдар аралығында күдікті Partners & Consultants атты «Өмірді сақтандыру» жобасы арқылы өмірді сақтандыру бағдарламалары мен жинақтаушы сақтандыру салымдарына инвестиция салу деген сылтаумен азаматтардың ақшасын иемдену схемасын ұйымдастырған, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Азаматтарды өзіне бағынысты заңды тұлғалардың — Evroasia Global Investment АҚ және Evropa Investment ЖШС есепшоттарына ақша аударуға үгіттеп, жылына 12%-ға дейін тұрақты табысқа кепілдік берген.
Жобаның сенімділігін дәлелдеу үшін шын мәнінде жоқ халықаралық сақтандыру бағдарламалары мен сертификаттарына сілтемелер қолданылған.
Қаражаттар қолма-қолсыз аударымдар арқылы қабылданып, кейін салымшыларға ұзақмерзімді депозиттер мен инвестициялық міндеттемелер бар деген жалған әсер қалдыратын жалған құжаттар берілген.
Нәтижесінде, 270 жәбірленушіге 620 млн теңгеден астам материалдық залал келтірілген.
Алынған ақшалай қаражат күдікті тарапынан жылжымайтын және жылжымалы мүлік сатып алуға жұмсалған. Аталған мүлікке қазіргі уақытта билік етуге шектеу қойылған.
Күдікті қамауға алынды. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.